Алмадан құймақ

Октябрь 31, 2007

1 л жылы сүт
2-3 жұмыртқа
0,5 шай қасық тұз
3-4 ас қасық құмшекер
50 г күнбағыс майы

осыларды жақсылап араластырып оның үстіне

- ұн+құрғақ ашытқы

себеміз. Әбден араластырып жылы жерге бетін жауып қоямыз. Қамыр котерілгенше қайта-қайта араластырып қоямыз.

Дайын болғанда,
- 2 ірі алманы ұсатқыштан өткізіп, қамырға қосамыз

ыстық табада пісіреміз.



Cinnamon rolls

Октябрь 31, 2007

Америкадағы атақты  ”Cinnabon” Cinnamon rolls  бәліштері. Әрине бұл роллдардын рецепттерін жарияламайды. Интернеттен соған ұқсас деген рецепт тауып алдым, мен ойлагандай бәліштр шықпады, бірақ біраз озгерістер еңгізсем келесі жолы, ойдагыдай шығуы мүмкін.


1/2 ст жылы су
2 пакет ашытқы
1 ас қасық құмшекер
2 ст. пуддинг
2 ст сүт
100 г маргарин
2 жұмыртқа
1 шай қасық тұз
ұн

100 г маргарин
1 ст құмшкер
1/4 ст коррица

крем үшін:

100 г крем-чиз (Пһіладелфія)
100 г маргарин
1 шай қасық ванилин
1 ст құмшекер (одан аз қосуыңыз мүмкін)
1 шай қасық сүт

қамыр ілейміз, ол ұшін жылы су+ашытқы (мен 2 шай қасық ашытқы алды )+ құмшекер, барін араластырып жылы жерге котерілгенше қоямыз. пуддингті дайындап алып, оған жұмыртқа, тұз, ерітілген маргарин қосып араластырып, дайын болған ашытқыны құямыз, соңынан ұн қосып қамыр ілейміз. бетін жаұып, жылы жерге қамыр екі есе көтерілгенше қоямыз.

енді 100 г маргаринді ерітіп, оған құмшекер, 1/4 ст коррицаны қосып, арасластырып дайындап қоямыз.

кремді дайындау үшін: крем-чизді абден құмшекермен араластырып, жұмсартылған маргаринді қосамыз.

дайын болған қамырды жұқалап жайып (онай болұ үшін, қамырды 2-3 бөлікке бөліп алыңыз), оның үстіне коррица қоспасын жағамыз, бір айта кететін жайт, майды аямау керек екен, сонда, орысша айтканда сочный болып шығады екен. мен майды коррицамен араластырмаған едім, бөлек қамырдың үстіне жаққан едім, кейін өкіндім. қамырды рулет қылып орағанда, кең қылып ораұ керек, айтпесе менікі секілді, бәліштер көтеріліп кетеді. бұныда кейін түсіндім. 25см, қалыңдықта кесіп, пешке (в духовке) салып пісіреміз. піскен бәліштердің (ыстық күйінде) үстіне крем жағамыз.

бәліштерді ыстықтай күйінде жеу керек.


Құттықтаймын!

Октябрь 31, 2007

Бүгін бір жаңалық еcтіп қуанып отырмын, Мариям есімді құрбымыз тұрмыс құрғалы жатыр. Мариям бақытты бол, сен үшін өте қуаныштымын! Қалғанын емайлмен айтам ;-)

Печенье жасайтын бір шприц таріздес … һммм, қалай айтарымды білмей қалдым ғой, қысқасы сол “құрылғыны” қолданып көрейін деп, печенье жасадым. Жаман емес, маған ұнады

Бұл печеньенің рецепін бұрында жазғанмын.





Фаршталған баклажан

Октябрь 31, 2007

Үлкенірек бір баклажан аламыз. Екіге бөліп біраз ортасын алып тастаймызда, оған біраз тұз себеміз, бұл дегеніміз, біраз баклажаннын аштылығын жояды. Енді фаршты дайындаймыз, ол үшін ұсатылған етті (фарш) аламыз, пиязды ұсақтап тураймыз, брокколиді ұсақтап тураймызда, барін араластырып, тұз, бұрыш қосамыз. 15-20 мин. кейін баклажанды суық сұда жуп, ішіне фаршты толтырып, үстіне ірімшік себеміз.


1 баклажан
100 г фарш
50 г брокколи (қоспасада болады)
тұз, бұрыш
1 пияз
150 г ірімшік

негізі фарш фантазияға байланысты, ішіне неше түрлі фарш қоюға болады.


Струдель

Октябрь 11, 2007

қамыр үшін
- 2 ст. ұн
- 2 жұмыртқа
- 2 ас қасық құмшекер
- жарты қасық сода
- 1/4 ст. су
- 50 г сары май немесе сұйық май

қоспасы үшін:
- 2 ас қасық құмшекер
- 2 ас қасық коррица
- 400-500 г алма

1 жұмыртқа струдельдің үстіне жағу үшін қажет

барлығын араластырып, соңынан ұн қосамыз, қамыр илеп, жылы жерге жарты сағатқа қойып қоямыз. алманы ұсақтап турап, коррица, құмшекермен араластырамыз.
қамырды жұқалап жайып, үстіне біраз май жағып, дайындап қойған қоспаны қоямыз.  рулет қылып орап, үстіне жұмыертқаны жағамыз. соңынан қыздырылған пеште пісіреміз



Коррицамен бәліштер

Октябрь 11, 2007

- 2 жұмыртқа
- 1 ст су
- 100 г маргарин
- 2 шәй қасық ашытқы
- 0,5 ст құмшекер
- 2 ас қасық коррица
- 2 ас қасық құмшекер
- 1 жұмыртқа бәліштердің үстіне жағуға

қамыр илеп, біраз жұқалап жаямыз, коррицамен 2 ас қасық құмшекерді араластырып жайылған қамырдың үтіне қоямыз, қамырды рулет қылып ораймыз, 20см-дей кесеміз, үстін біраз басып, орамалмен жауып, 5-10мин қоямыз, үстіне жұмыртқа жағып, біраз коррица сеуіп, пеште пісіреміз.



Каннелони

Октябрь 8, 2007

Каннелони пастанын бір түрі, нақтырақ айтсақ, фаршталган ірі макарондар.
Озім аса ұнатпадым, оның себебі, пастаға кұйылатын Бешамель соусы. Осы соустың дамі кандай екен деп ойлап жүргенмін, сөйтсем, АҚШ-КЗ-АҚШ бағытында ұшып жүргенде, ылғи самолетте алатын пастаны пісіргенде кұйылатын соус екен. Қысқасы озіме ұнамады :(.

- ірі макарондар
- фарш
- брокколли
- сәбіз
- жарты сатакан ірімшік

сабізді ұсақтап турап, қуырылған фаршқа қосып, артынан ұсақтап туралған брокколлиді қосып, дайын болғанша қуырамыз. суыған қоспага откізгіштен өткізген ірімшікті қосып араластырамыз. макарондардың ішіне фаршты қойып, үстіне Бешамель соусын кұйамызда, пеште 250Сьта пісіреміз.

Бешамель соусы:
- 2 қасық ұн
- 2 қасық сары май (сұйық май дұрыс)
- 2 сатакн сүт

ұнды майда қуырып, үстінен сүтті құйамыз. біраз араластырып. орташа қоюланғанда оттан түсіреміз