Ноябрь 27, 2007

- 150 г шпинат
- 2,5-3 ст су
- 20 г сұйық май
- 50 г айран
- 1 жұмыртқа
- тұз, бұрыш
шпинатты салқын суда жуып, ұсақтап кесіп, сұйық майда біраз қуырамыз, үстінен су құйып, 10-15 мин аз отта қайнатамыз, шпинат жұмсарғанша. Жұмыртқаны қайнап жатқан сорпаның үстіне құйып, тездеп араластырамыз, оның үстінен айранды қосамыз. Тұз, бұрыш қосып, оттан түсіреміз. Ыстықтай ішкен дұрыс.
3 Комментариев |
Ыстык биринши тагамдар |
Постоянный адрес
Опубликовал damdi
Ноябрь 20, 2007

Эльвираға қарап менде маффин жасауға қызығып кеттім
Бұрында 1-2 рет жасап көрген маффиндерім, көңілден шықпаған. Жақсы көретінім - Dunkin Donuts blueberry muffin. Пампкин немесе асқабақтан (мен яғни кәуе қостым) маффин өте жеңіл, арі жұмсақ болып шығады екен. Маған өте ұнады.
1 cup(240 ml ) асқабақ пюресі
2 үлкен жұмыртқа
1/2 cup (120 ml) иогурт
1/2 cup (120 ml) сұйық май
1 cup ұн
3/4 cup (150 gr)құмшекер
1 пакет қамыр көтергіш
1,5 шай қасық коррица
0.5 шай қасық тұз
үлкенірек ыдыста асқабақ, жұмыртқа, иогурт, сұйық майды абден араластырамыз, басқа ыдыста ұн, тұз, қамыр көтергіш, коррица және құмшекерді араластырып, оның үстіне жұмыртқалы қоспаны құямыз. біраз араластырып, формаларға құямыз, 200С пісіреміз.
рецепттің оригиналы www.joyofbaking.com
7 Комментариев |
Ун тагамдары |
Постоянный адрес
Опубликовал damdi
Ноябрь 14, 2007
2-3 орта картоп
3 сәбіз
2-3 ст су
2 ас қасық сұйық май
тұз, бұрыш
укроп немесе петрушка (қазақшасын білмедім)

сәбіз картоптарды тазалап, суда пісіреміз, піскен кезде суымен бірге блендерге құйып, миксерлейміз, содан ыдысқа құйып, егер кою болса, үстіне қайнаған судан құямыз. сұйық май, тұз, бұрыш қосып, 5 мин. отта ұстаймыз. бұл порция 5-6 адамға арналған.
6 Комментариев |
Ыстык биринши тагамдар |
Постоянный адрес
Опубликовал damdi
Ноябрь 9, 2007

4 жұмыртқа
1,5 ст айран
1 ст манка
1 ст ұн
2 ас қасық қамыр көтергіш
4 ас қасық ерітілген маргарин
барлығын абден араластырып, формаға құйып, духовкада пісіреміз, дайын болғанда үстіне құмшекер үгіндісін (сахарная пудра) себеміз.
1 комментарий |
Пирогтар |
Постоянный адрес
Опубликовал damdi